Әлемде ковид жұқтыру көрсеткіші 9 процентке төмендеген

Әлемде өткен аптада коронавирустың таралуы бәсеңдеп, вирус жұқтыру көрсеткіші 9 процентке төмендеген.

Өлім-жітім 4 процентке азайды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Індеттің таралуы Африка мен Шығыс Жерорта теңізі аймағында баяулаған. Ал вирусты көп жұқтыру АҚШ, Ұлыбритания, Түркия және Ресейде тыйылмай тұр. Әлемде індет басталғалы коронавирусты 235 миллионнан аса адам жұқтырып, дерттен 4 миллион 800 мыңнан астам науқас көз жұмған.