Чехия президенті жансақтау бөлімінде жатыр

Чехия президенті ауруханаға түсіп, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі екі аптада Милош Земанның денсаулығы сыр бере бастаған. Алайда дәрігерлер мемлекет басшысының нақты диагнозы туралы тіс жармай отыр. Негізі 77 жастағы президент өткен айда ғана ауруханаға жатып шыққан еді. Кейінгі кезде мемлекет басшысы мүгедектер арбасымен жүрген.

Мирослав Заворал, әскери госпиталь директоры:

- Президенттің созылмалы аурулары асқынып кетті. Алайда нақты диагнозын айта алмаймын. Өйткені бұған мемлекет басшысының өз келісімі қажет.