Нью-Джерси штатында «Судың жаны» атты мүсін орнатылды

АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Гудзон өзенінің жағасына «Судың жаны» атты мүсін орнатылды.

Биіктігі 24 метрге жететін нысанда көзі жұмылған қыз бейнеленген. Ол сұқ саусағымен ернін жауып тұр. Осылайша бойжеткен судың сыбдырына үнсіз құлақ түруге шақырады. Мүсіннің авторы барселоналық суретші Жауме Пленса.

«Судың жаны» Бостандық ескерткішінен 6 шақырым жерде орнатылған және жүзімен Төменгі Манхэттенге қарап тұр.