Еуропалық сот Польшаға айыппұл салды

Еуропалық сот Польшаға айыппұл салды. Аталған ел Еуроодақтың заңнамалық нормаларын орындамағаны үшін енді күн сайын 1 миллион еуродан төлеуі керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Польша Еуроодақ заңдары ел конституциясына қайшы келетінін айтып, ұлттық заң одақ заңдарынан үстем екенін жариялаған еді. Сөйтіп бұл шешім Еуропаның 27 мемлекетін біріктірген ұйымның құндылықтарына қатысты дауға алып келді. Ел ішінде шеру басталды. Ал кәрі құрлық елдері санкция салу мәселесін көтерді.