Гаити президенті қастандықпен өлтірілген түні оның ұлына да шабуыл жасалған

Гаити президенті қастандықпен өлтірілген түні оның ұлына да шабуыл жасалған

Гаити президенті Жовенель Моизді белгісіз біреулер қастандықпен өлтірген түні оның үлкен ұлына да шабуыл жасалған. Бұл туралы президенттің ұлы өз сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды life.ru.

«Менің қасымда әйелім, қызым және сенімді қызметкерлерім жүрді. Бәріміз тұзаққа түсіп қалдық, бірақ күзет қызметкерлерінің арқасында аман-есен шықтық. Менде қастандық жасалған сол түні не болғандығы туралы ақпараттар бар. Бірақ мен оны әлі жарияламаймын», – деді президенттің ұлы Metropole радиостанциясының эфирінде.

Қайғылы оқиғадан кейін президенттің ұлы Канадаға кетіп қалған. Ал анасы біраз уақытқа АҚШ-қа кетуге мәжбүр болған, бірақ көп ұзамай отанына оралды. Әуежайда оны Республика премьер-министрінің міндетін атқарушы Клод Жозеф күтіп алған. Марқұмның әйелі арнайы оқ өткізбейтін кеудешеде болды. 

Айта кетсек, Гаити президенті Жовенель Моиз белгісіз біреулердің оның резиденциясына жасаған шабуылы кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан көз жұмды. Елде  төтенше жағдай енгізіліп, 15 күн қаралы деп жарияланды. Гаити прокуратурасы президент Жовениль Моиздің өліміне қатысты бірқатар саясаткер мен оппозиция өкілін тергеп жатыр.