Гаитиде президентке жасалған шабуылға қатысты АҚШ азаматы ұсталды

Гаити прокуратурасы президент Жовениль Моиздің өліміне қатысты бірқатар саясаткер мен оппозиция өкілін тергеп жатыр.

Себебі қастандық саяси тапсырыспен жасалған деген күдік бар. Бұған дейін полиция шабуылды ұйымдастырушылардың бірін ұстады. Ол 63 жастағы Эммануэль Санон есімді АҚШ азаматы болып шықты. Қазір тағы екі адам іздестіріліп жатыр.

Еске сала кетейік, шілденің 7-сі күні қарулы топ президент Жовениль Моизді үйінде атып кетті. Соңғы мәлімет бойынша қастандықты 26 колумбиялық пен 2 американдық азамат жүзеге асырған. Олардың 17-сі қолға түсті.