Израильде 5 жастан асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

Израиль 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға коронвирусқа қарсы екпе қабылдауға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бұл жастағы бүлдіршіндерге әлемнің бірнеше мемлекетінде вакцина салынып жатыр. Олардың арасында АҚШ, Қытай, Коста-Рика бар. Алдағы уақытта Канада да қосылады. Өйткені мамандар елде 5 пен 11 жас аралығындағы балалар арасында вирус жұқтыру дерегі көп тіркеліп жатқанын айтады.