АҚШ Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялауы мүмкін

АҚШ Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялауы мүмкін. Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен кездесуі кезінде мәлімдеді.

Дипломатиялық бойкот алдағы ақпан айында өтетін Бейжің қысқы Олимпиадасының ашылу салтанатына АҚШ-тың ресми өкілдері қатыспайды дегенді білдіреді. Бұл бастаманы Демократиялық және Республикалық партиялардың атынан Конгресс мүшелері мен азаматтық белсенділер көтерген.

Айта кетейік, ресми Вашингтон Қытай билігін адам құқықтарын сақтамайды деп айыптайды.

- Cіз Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкотты қолдайсыз ба?

- Иә, біз осы жағын қарастырып жатырмыз.

Сондай-ақ...