Ресей ғалымдары ревакциналауды қолдап отыр

Ресейдегі Гамалеи атындағы ғылыми орталық директорының орынбасары Денис Логунов ревакцинация екпенің алғашқы дозасына қарағанда әлдеқайда тиімді деп отыр. 

Айтуынша, 6-8 айдан кейін вакцинаның күші кетеді. Сол кезде бустерлік доза салу қажет. Ғалым оның әсері алғашқы екпеге қарағанда бір жарым есе жоғары екенін де жеткізді. Ал ресейлік «Спутник Лайт» препаратын Владимир Путин де салдырған. Яғни ревакциналаудан өткен. Ол екпеден соң ешқандай қиындық болмағанын айтып, өзін жақсы сезінетінін жеткізді.