Италияда вакцина салғызбағандар қозғалысына шектеу қойылды

Вакцина салдырмағандар мейрамхана, спортзал, ойын-сауық орталықтары және тау шаңғы курорттарына кіре алмайды.

Италия билігі осындай шектеу қойды.

Мамандардың айтуынша, бұл жаппай локдаун енгізуден тәуір. Бұдан бөлек билік ковид төлқұжатының жарамдылық мерзімін 9 айға дейін азайтпақ. Қазір сертификат бір жылға жарамды. Италияда соңғы айда індет қайта күшейді. Елде күніге 10 мың адамнан вирус анықталады.

Сондай-ақ...