Индонезияда жанартау атқылауынан құрбан болғандар саны 30-дан асты

Индонезияның Ява аралында Семеру жанартауы атқылап, кем дегенде 34 адам ажал құшты.

Бұл туралы Индонезияның табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық агенттігі хабарлады.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Абдулла Мухаридің айтуынша, 17 адам хабар-ошарсыз кеткен. Олар иттердің көмегімен іздестіріледі. Қауіпті аймақтан 3700-ге жуық адам эвакуацияланды.