Ковид кесірінен 2800-ден астам рейс кейінге шегерілді

Коронавирустың өршуіне байланысты әлемде 2800-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Олардың мыңға жуығы АҚШ-қа қатысты.

Елде Рождество кезінде жолаушылар саны 2 миллионнан асып кеткен. Бұл Ковид-19 таралмаған алдыңғы жылғы көрсеткіштен көп. Сондай-ақ рейстерді шегеруге қолайсыз ауа райы мен экипаж мүшелерінің жетіспеуі де түрткі болған. Қызметкерлердің кейбірі коронавирус жұқтырса, біразы науқастармен араласқандар тізіміне енгендіктен жұмысқа шықпай қалған. Халықаралық бағытта қатынайтын ұшақтар Еуропа елдерінде қаңтарылды.

Еуропаның бірнеше елінде індеттің таралу деңгейі өскен. Германиялық «Люфтганза» компаниясы қаңтар-ақпан айларында 33 мың әуе рейсін кейінге шегеретінін қазірден ескертіп жатыр.

Сондай-ақ...