Солтүстік Корея хакерлері ондаған миллион доллар тұратын криптовалюта ұрлады

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының жақында жариялаған есебінде айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған құжат бойынша ұрланған цифрлық капитал зымыран жасау бағдарламасына жұмсалған. Солтүстік кореялық хакерлер өз елінде және Еуропа мен Азияда 3 криптовалюта биржасының базасын бұзған.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы 2019 жылы коммунистік ел тарапынан бірнеше кибершабуыл жасалып, миллиардтаған доллар қолды болғанын бұған дейін де мәлімдеген болатын.