БҰҰ Иранды айыптады

БҰҰ Иранды айыптады

Иранның Израильге жасаған шабуылын әлемнің бірқатар елі қатаң айыптады.

Жуырда "Үлкен жетілік" елдері аталған қақтығысқа қатысты ортақ мәлімдеме жасады. G7 басшыларының пікірінше, парсы мемлекеті аймақтағы тұрақтылықты бұзып, шиеленістің өршуіне жол беріп отыр. Өз кезегінде БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш Иран мен Израиль арасындағы текетіреске терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барынша ұстамды болуға шақырды.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Мен әскери іс-қимылдарды дереу тоқтатуға шақырамын. Біріккен Ұлттар ұйымының жарғысына сәйкес, кез келген мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қол сұғуға тыйым салынады. Бұдан бөлек, дипломатиялық өкілдіктер мен қызметкерлердің дербестігі халықаралық құқықтарға сай қатаң сақталуы тиіс.

Естеріңізде болса, жексенбіге қараған түні Иран елі Израиль аумағын атқылады. Ислам Республикасы еврей мемлекетіне жүздеген зымыран мен дрон ұшырған. Бірақ Израиль әскерилері олардың 99 пайызын әуеде атып түсіргенін мәлімдеді. Құрама Штаттардың Қарулы күштері көмектескен.