Канадада 20-дан астам шеруші қамауға алынды

Канада полициясы жүк көлігі жүргізушілерінің наразылығына қатысқан 20-дан астам адамды қамауға алды.

Билік 79 қылмыстық іс қозғалағанын мәлімдеді. Бұдан басқа Оттава полициясы көліктердің 25 процетінде балалардың барын анықтаған. Жеткіншектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары "Балаларға көмек беру ұйымымен" тығыз жұмыс істеп жатыр. Қала мэрі биліктен қосымша 1800 полиция беруді сұрады.  Белсенділер үкімет вакцина салуды міндеттеу талабын алып тастамайынша тарамайтынын айтып отыр. 

Билл Блэр, Канаданың төтенше жағдай министрі:

- Бұл наразы топ Канаданың барлық жүк көлігі жүргізушілерінің мақсат-мүддесін білдірмейді. Ереуілдерден әсіресе ел астанасы Оттава тұрғындарына қиын болды. Халық 12 күннен бері үлкен қолайсыздыққа тап болды. Біз тұрғындардың қалыпты өмірге оралуына барымызды салуымыз керек. Алдында премьер-министр айтқандай, пандемия қатты өршіп тұр. Ешкім ерігіп жүрген жоқ. Коронавирус шектеулері қажеттілікке сай енгізілген.

Канадамен шекарада кептеліс пайда болды

Бұл ереуіл көршілес АҚШ шекарасында ұзын-сонар кептелістің қалыптасуына себеп болды. Аталған жағдай Канада парламентін қатты алаңдатып отыр. Өйткені аса қажет тауарлар "қызғалдақтар еліне" АҚШ-тан келеді. Мысалы, екі елдің арасындағы сауда-саттықтың 25 проценті жүк көліктері тізіліп тұрған шекара бойындағы Детройт қаласы арқылы жеткізіледі.