Қазақстан мен Канада әріптестігі арта түседі
Энергетикалық қауіпсіздік, инвестиция тарту, сауда-саттық пен білім саласы.
Қазақстан осы аталған бағыттарда Канадамен әріптестікті нығайтпақ ниетте. Бұл мәселелер Торонто қаласында отандық Қаз-автомөнеркәсібі мен канадалық Камеко компанияларының төрағалығымен өткен іскерлік кеңестің 6-шы пленарлық отырысында талқыланды. Шараға жалпы 250 адам қатысты. Жиын барысында тараптар әртүрлі саладағы әріптестік жайын талқылап, тиімді ұсыныстарын жеткізді. Кеңесте қазақстандық делегацияны өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бастап барды.