Түркияның Трабзон қаласында Абай ескерткіші бой көтерді

Бұл Анадолы жерінде орнатылған жетінші мүсін. Оның бесеуі Ұлы ақынның мерейтой жылы аясында елдің әр аймақтарыда ашылған.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Трабзон қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен ашылған бюст осы жолы Қара теңіз жағалауындағы Трабзон университеті қалашығының аумағына қойылды. Мұндағы мақсат жоғарғы оқу орнында тәлім алушыларға қазақтың әдебиеті мен мәдениетін таныстыру. Ескерткіш авторы бұған дейін де бірнеше туындысы Түркияның түрлі қалаларында қойылған мүсінші Мұрат Мансұров.

Исмаил Ұстаоғлы, Трабзон губернаторы:

- Абай Құнанбайұлы сияқты тарихи тұлғалар қоғамның жақсы жаққа өзгеруіне үлкен ықпал етеді. Осы университетте тек Түркия емес, әлемнің бірнеше елінен келген студенттер оқиды. Абай ескерткішінің ашылуы сол жастардың ақын шығармаларына қызығушылығын арттырып, екі ел арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деп сенемін.

Бахар Айвазоғлу Түркия парламентінің депутаты:

- Бір ақынның еңбектері тек өз елінде емес, күллі әлемге таралуы оның шығармаларының қаншалықты құнды екендігін білдірсе керек. Абай сондай ерекше тұлғалардың бірі. Осы мүсін жастарға сөздің қасиетін білуге, сөздің киесін ұғынуға себеп болса, біздің мақсатымыздың орындалғаны.

Сондай-ақ...