Чилиде ондаған үй мен ғимарат өртеніп кетті

Чилидің Сан-Фернандо қаласында өрт шығып, 25 үй мен ғимарат отқа оранып, тып-типыл болып жанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 100-ден аса адам жапа шекті. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Тұрғындар от ағаш дайындайтын зауыттан таралған болуы мүмкін деп отыр. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. Жергілікті билік жапа шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілетінін айтады.