Халықаралық қылмыстық сот Ресейге қарсы тергеуді бастауға дайын  

Гаагада орналасқан халықаралық қылмыстық сот Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы тергеуді бастауға әзір, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы прокурор Карим Хан мәлімдеді. Осының алдында президент Владимир Зеленский ресми Киев Ресейдің әскери қимылдарын жалғастыруға тыйым салуды талап етіп, Сотқа шағым түсіргенін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Гаагадағы соттың құзыретіне геноцидке, әскери қылмыстарға, адамзатқа қарсы қылмысқа және басқыншылық әрекетіне жауапты адамдарды тергеу кіреді.