Shell мен BP ресейлік мұнайдан бас тартты

Әйгілі Шэл компаниясы да Ресейдің газ бен мұнайынан басыбайлы бас тартты.

Мекеме шикізат сатып алуды тоқтатқан. Компания өкілдерінің айтуынша, олар Ресейдегі жанармай құю бекеттерін біртіндеп жаба бастайды. Бұған қоса, осы елде авиациялық жанармай мен майлау материалдары өндірісін тоқтатуды да көздейді. Бір айта кетерлігі, Шэлден бөлек, британдық Би-Пи компаниясы да ресейлік мұнай мен газ бойынша келісім жасауды доғарды.