АҚШ Украинаға әскери ұшақтар беруден бас тартты

Бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Джон Кирби мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, мұндай қадам НАТО мен Ресей арасындағы ахуалды шиеленстіріп жіберуі мүмкін. Еске сала кетейік, Киев Батыстан әскери ұшақтар сұраған болатын. Осыған байланысты өткен сейсенбі күні Польша «МИГ-29» ұшақтарын Украинаға беруге дайын екенін айтқан еді. Бірақ олардың орнына АҚШ-тан қолданыстағы «Эф-16» ұшағын сұраған.

Джон Кирби, АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

– Украинаның арсеналын ұшақтармен толықтыру Ресейдің мүмкіндіктерімен салыстырғанда Украинаның әуе қарулы күштерінің тиімділігін арттырады деп ойламаймыз. Сондықтан «МИГ-29-дан» пайда аз. Оның үстіне бұл ұшақтарды Украинаға беру Ресей тарапының бірден наразылығын туғызып, НАТО-мен қарым-қатынасының шиеленісуіне әкелуі ықтимал.

Сондай-ақ...