Ресейде Meta компаниясы экстремистік деп танылды

Ресейде Facebook пен Instagram иеленуші америкалық «Мета» компаниясы экстремистік деп танылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеу соты осындай шешім қабылдады. Үкімге сәйкес бірлестіктің Ресей аумағындағы қызметіне тиым салынып, оған қарасты әлеуметтік желілер дереу бұғатталады. Бірақ компанияның қызметі мен өнімдерін пайдаланатын адамдар жауапкершілікке тартылмайды. Шектеулер «Мета» бірлестігіне қарайтын WhatsApp әлеуметтік желісіне де қолданылмайды.