Антарктидада аумағы Лос-Анджелеске тең алып мұздық опырылды

Спутниктен түсірілген суреттерге сәйкес, рекордтық жоғары температура салдарынан Антарктидадағы үлкен мұздықтың бір бөлігі опырылып түсті, деп жазылған Bloomberg сайтында.

Айсберг С-38 деп танылған Конгер мұздығы Уилкс жері маңында қақ айырылды. АҚШ-тың Ұлттық мұз орталығы келеңсіз жағдай туралы 17 наурызда Конкордия стансасында температура бұрын-соңды болмаған 11 градус Фаренгейтке (Цельсий бойынша -11,8) жеткеннен кейін хабарлады. Оның шамамен 1200 шаршы шақырым жерді алғаны, ал көлемі Лос-Анджелеске тең болғаны және айдың ортасындағы ыстық күн райының шарықтау нүктесіне жеткендігі атап өтілді, деп жазды Twitter-де НАСА ғалымы Кэтрин Колелло Уокер. Ғалымдар мұндай құбылыстардың климаттың өзгеруіне байланысты жиілеп кеткенін айтып отыр. Ақпанда теңіз мұзының көлемі рекордтық ең төмен көрсеткішке дейін азайған.