Сомалиде қуаңшылық халықтың құтын қашырды

Африканың шығысындағы Сомали түбегінде бір жылдан астам жалғасып келе жатқан қуаңшылықтан 15 миллион адам зардап шегіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерекке қарағанда Джибути, Сомали, Эфиопия және Эритрея елдері кіретін Африка мүйізі аймағында өткен жылдан бері жауын-шашын болмай, өзен көлдер тартылып, азық-түлік дағдарысы ушыққан. Құрғақшылықтан қызылша, сары безгек және тырысқақ індеттері де көптеп тіркеле бастады. Халықаралық сарапшылар аймақтағы жағдай жазға таман тіпті нашарлауы мүмкін деп, апаттың алдын алу үшін шұғыл түрде 130 миллион доллар бөлуге шақырды.