АҚШ сенаты Украинаға құны 40 млрд доллар болатын жаңа көмекті бекітті

Бастаманы 86 сенатор қолдап  дауыс берді. Енді құжатқа президент Джо Байден қол қоюы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қомақты қаржы Украина мен оның одақтастарына әскери және экономикалық тұрғыдан қолдау көрсетуге жұмсалады. Оның ішінде азық-түлік тапшлығымен күрес бар. Президент Владимир Зеленский Украинаға қолдау көрсетіп жатқаны үшін Сентақа алғысын білдірді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Украинаға жаңа көмек беріп, аймақтағы демократияға қолдау көрсетіп жатқан Америка Құрама Штаттарына алғысым шексіз. Бұл АҚШ-тың батыл көшбасшылығын көрсетеді және біздің ортақ еркіндігімізге аса қажетті қолдау болады.

Ал Мәскеу мәселеге қатысты еш мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ пен НАТО-дан Украинаға қару-жарақ жеткізіп, қолдау көрсетуді тоқтатуға шақырған. Дипломаттың айтуынша Альянстың бұл әрекеттері Мәскеу мен Киевтің келісіміге келуіне кедергі келтіріп отыр.