Ұлыбританияда ерлі-зайыпты жұп лотереядан $228 млн ұтып алды

Ұлыбританияның Глостершир қаласындағы ерлі-зайыптылар лотереядан 228 миллион АҚШ долларын ұтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар мұндай ұтыс ел тарихында алғаш рет болғанын айтады. Джекпот иесі бастапқыда сенбеген екен. Миллионер атанғанын кейін ғана түсінді. Енді ерлі-зайыптылар жаңа үй алып, алаңсыз тірлік кешпек.