Танымал актер Джонни Депп әйеліне қарсы сотты жеңіп шықты

«Кариб теңізі қарақшылары» фильмінің жұлдызы бұрынғы әйелі Эмбер Хёрдке қарсы сот ісін жеңді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алқа билер соты Хёрд күйеуіне жала жапты деп тапты. Енді ол Деппке 13 миллион доллар айыппұл төлеуі тиіс. Депп сот отырысына қатыспағанымен, шындыққа қол жетті деп қуанышын жеткізген. Ал Хёрд бұрынғы күйеуінің билігі мен ықпалына қарсы тұра алмай, қайғы жұтып қалдым дейді.

Айта кетейік, Джонни Депп пен Эмбер Хёрд 2015-2017 жылдары некеде болған.

Камилла Васкес, Джонни Депптің адвокаты:

– Сот шешімі біздің о бастан Джонни Деппке қарсы айыптаулар жалған және ешқандай дәлелсіз деп айтқанымызды растады. Біз алқа билердің істі жан-жақты қарастырып, талқылағанына алғысымызды білдіреміз. Сот қызметкерлерінің де көп уақыты мен ресурстарын сарп етіп, шындыққа қол жеткізгеніне ризамыз.

Джонни Деп пен Эмбер Хёрд ерлі-зайыпты арасында сот биыл сәуір айында басталған. Оған 2019 жылы Хёрдтің жергілікті басылымының бірінде күйеуі оған зомбылық көрсетті деп айыптауы түрткі болды. Депп бұл жалған деп айтып шағым түсіреді. Оның айтуынша, Хёрдтің әрекетінен ол көп тиімді келісімнен айырылған.