Ыстамбұлда шетелдіктер атыс ұйымдастырды

Ыстамбұлда шетелдік азаматтардың екі тобы арасында кикілжің туындап, соңы атысқа ұласқан. Бұл туралы A Haber телеарнасы хабарлайды.

Оқиға Эсеньюрте ауданында болған. Араздасқандар қай елдің азаматтары екені айтылмаған. Оқиға орнына дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, үш адам зардап шеккен. Олардың біреуінің жарақаты ауыр. Барлығы ауруханаға жеткізілген.