Құрбан айт мерекесінде Түркия халқы 9 күн демалады

Биыл құрбан айт мерекесінде түркиялықтар 9 күн демалады. Бұл туралы министрлер кабинеті отырысынан кейін ел президенті мәлімдеді.

Демалыс күндері шілденің 9-ы мен 17-сі аралығына бекітілді. Бұл екі жылдан кейін сақтық шараларынсыз өтетін алғашқы құрбан айт. Сондықтан ел жұрт ешқандай шектеусіз ғибадат етіп, айттай алады. Әдетте туыстас халық бұл күндерде алыстағы ағайынын іздеп, туған өлкелеріне саяхаттайды. Жергілікті әкімшіліктің алдын ала белгілеген жеріне құрбандық шалады. Қауіпсіздікді он мыңдаған сақшы күзетеді. Мамандардың пікірінше, 9 күндік демалыс ішкі туризмге де оң әсер етеді.