Еуропада коронавирустың жаңа толқыны басталды

Еуропада ковид-19-дың жаңа толқыны басталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша соңғы аптада кәрі құрлық елдерінде вирусты жұқтыру дерегі үш есеге көбейген. Нақтырақ айтқанда, Еуропа елдерінде 3 млн астам адамның бойынан ковид белгілері анықталды. Бұған жаңа штамдарының тез таралуы себеп. Осы уақытқа дейін ауырғандар да инфекцияны қайта жұқтыруы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау сарапшылары халықты жаппай вакциналау бойынша тиісті шара қабылдап, маска тағып жүруге үндейді.

Ханс Клюге, ДДСҰ Еуропадағы бюро басшысы:

- Былтыр жазда болған оқиға қайталанып жатыр. Тек қазір COVID-19-дың кезекті толқынына омикронның жаңа штамдары себеп болып тұр. Өкінішке орай, коронавирустың салдарынан көптеген адамның өмірі қиылып жатыр. Ауруханаға түсетін науқастар саны да артып келеді.