476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Анголада ірі алқызыл алмаз табылды

  • 225
  • UPD: 09:14, 28.07.2022
Анголада ірі алқызыл алмаз табылды

Анголаның солтүстік-шығысында салмағы 170 карат болатын алқызыл алмаз табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әлемде соңғы 300 жылда кездескен ең ірі алқызыл алмаз болғалы тұр. Асыл тас осы елдегі Луло кенінен алынған. Оның нақты салмағы қырлап, тегістеген соң белгілі болмақ. Бұл осы кеніштен табылған салмағы 100 караттан асатын бесінші алмаз. Дәл осы шахтада бұған дейін салмағы 404 карат болатын ірі гауһар тас шыққан болатын.

Хабар 24 телеарнасы