Үндістанда жай түсіп, 49 адам көз жұмды

Көрші Үндістанда қазір жауын-шашын маусымы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Уттар-Прадеш штатында нөсерден жасырынбақ болған фермерлер ағаштың астына тығылған сәтте найзағай түсіп, 49 адам қайтыс болған. 

Рита Бинд, жергілікті тұрғын:

Найзағай түскенде, біз егіс алқабында жұмыс істеп жатқан едік. Қатты дыбыс естілді де, жұрт жан-жаққа жүгіріп кетті.