Үндістандағы су дағдарысы ушықты

Үндістандағы су дағдарысы ушықты

Үндістанның оңтүстігіндегі Бангалор қаласында ауызсу мәселесі ушықты.

14 миллион тұрғыны бар шаһарда тіршлік нәрі жетіспей жатыр. Бұған қалада өткен ғасырдың 90-шы жылдардан бері жүргізілген урбандалу қарқыны себеп болған. Өйткені қаланы технологиялық орталыққа айналдыру үшін маңындағы ормандар оталып, құрылыс көбейген. Осының салдарынан қоймалардағы су тартылып, қауаңшылық белең алған. Билік дағдарысты еңсеру үшін суды үнемдеуге шақырды.