В.Путин санкцияларды алып тастауға шақырды

Ресей президенті Владимир Путин «Солтүстік ағын -2» газ құбырына қатысты санкцияларды алып тастауға шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаткер Самарқанда өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитінде Еуроодаққа қатты қажет болса, шектеулерді жеңілдете алады деп мәлім етті. Айтуынша «Газпром» да , Ресей де келісімшартқа сәйкес барлық міндеттемелерді орындайтын болады. Еске сала кетсек, 22 ақпанда Германия «Солтүстік ағын-2» газ құбырын сертификаттауды тоқтатқан болатын.

Владимир Путин, Ресей президенті:

– Қажеттілік туындап тұрса, «Солтүстік Ағын -2» газ құбырына қатысты санкцияларды алып тастасын. Бір ғана шешім арқылы жылына 55 млрд текше метр газ жеткізілетін болады.