Флорида штатында дауылдан 14 адам қаза тапты

АҚШ-тың Флорида штатында ойран салған "Ян" дауылынан 14 адам мерт болды.

Жергілікті билік олардың саны тағы артуы мүмкін деп отыр. Жойқын дауылда штаттың бірнеше өңірінде алапат су тасқыны басталған. Ғимараттар мен баспаналар қирап қалған. Табиғат апатынан 2 млн 600 мың тұрғын жарықсыз қалды. Әуежай жұмысы тоқтап қалды. Дауыл штатқа орасан зор шығын әкелгендіктен жергілікті билік федералды қызметтен  көмек сұрап жатыр. Аймақта коммуналдық қызмет мамандары тазарту жұмыстарын бастады. Синоптиктердің болжамынша дауыл Джорджия мен Оңтүстік Каролина шттаттарына қарай бағыт алады.

Сондай-ақ...