Ереван мен Баку қарулы қақтығыс мәселесінде күш қолданудан бас тартты

Ереван мен Баку Таулы Карабах бойынша қақтығыстарды шешу үшін күш қолданудан бас тартуға келісті.

Енді барлық даулы мәселелер "егемендікті, аумақтық тұтастықты және шекаралардың мызғымастығын өзара тану негізінде" шешілетін болады. Мәскеудің қатысуымен өткен үш жақты келіссөздердің қорытындысы бойынша осындай мәлімдеме жасалды. Бірақ Әзербайжан мен Армения басшылары әлі Таулы Карабах бойынша бейбіт келісімге келген жоқ. Дегенмен, тараптар оған дайындалу маңыздылығын атап өтті. Екі ел арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселесі әлі де ашық. Бұдан бөлек әскери тұтқындарды айырбастау процесін аяқтау да көзделіп отыр.