Қытайдағы крематорийлерде орын жоқ
Қытайда күн өткен сайын коронавирус өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өлім деректерінің артып кеткені сонша елдегі крематорийлер мәйітке лық толды. Бейжіңдегі жерлеу бюросының өкілдері күн сайын 150-ге жуық мәйіттің кремацияланатынын айтады. Бұған дейін бұл көрсеткіш 40-тан аспайтын. Ал Лунхуадағы бюро қызметкерлері тәулігіне 500-дей мәйітті өртейтіндерін жеткізді. Бұл орташа көрсеткіштен 5 есе жоғары. Қытайда коронавирус желтоқсан айында өршіді.