Ташкентте қалың қар жарық бағаналарын зақымдаған

Ташкентте қалың қар жарық бағаналарын зақымдаған

Жаңа Шымкентте тізеден жоғары қар түскенін айтқан едік. Одан әрі Ташкентте де жағдай оңай емес екен.

Ірі мегаполистің тыныс-тіршілігі тежеліп, жүргізушілер сағаттап кептелісте тұр. Жолдарды қардан тазартуға тұрғындар да атсалысып жатыр. Қалың қар ағаш бұтақтары сындырып, жарық бағаналарын зақымдаған.

Ал диқандар ерте пісетін кей көкөніс үсіп кете ме деп алаңдайды. Жылыжай иелері мұндайды бұрын көрмеген. Қазір тұтас Өзбекстанда ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеген. «Аномальді жағдай әлі бірнеше күн жалғасады», - дейді синоптиктер.