НАТО-Еуроодақ: серіктестіктің жаңа деңгейі

Еуроодақ пен НАТО ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойды.

Жоба кейінгі екі жыл бойы талқыланып келген. Құжатқа былтыр маусымда қол қою керек еді. Алайда Түркия мен Кипр арасындағы шиеленіс, сондай-ақ Украинадағы қарулы қақтығыс салдарынан ол кейінге қалды. Бұған дейін тараптар арасында екі келісім жасалған. Мынау - үшіншісі. Жаңа құжатқа сәйкес, НАТО мен Еуроодақ саяси, экономикалық және әскери мүмкіндіктерін арттыруға келісті.

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:

- Біз жаңа ғана НАТО мен Еуроодақ арасындағы үшінші ортақ декларацияға қол қойдық. Ол стратегиялық серіктестігімізді одан әрі нығайтуға бағытталған. Әлемдегі күрделі саяси ахуалды ескерсек, құжаттың маңызы зор.