Бразилияда ереуілдер кезінде тұтқындалғандар 30 жылға дейін сотталуы мүмкін

Наразылық шараларда ел бойынша бас-аяғы 1,5 мың адам қамауға алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көбіне  демократия ережелеріне нұқсан келтірді және терророрлық әрекеттер жасады деген айып тағылды. Қазір құқық қорғаушылар ереуілдер көшбасшыларын анықтап жатыр. Жергілікті прокуратураның мәлімдемесіне сәйкес олар 13 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, таяуда Бразилияда жағдай ушығып, мыңдаған адам қала көшелеріне шығып, жаңадан сайланған президент Лулу да Силваның билігіне қарсы болған. Экс-президент Болсонаро жақтастары Ұлттық конгресс, Федералды Жоғарғы Сот және Президент резиденциясын басып алмақ болған.