Германия билігі көшелерде тұратын телефон кабиналарын алып тастайды
Олардың саны ел бойынша 12 мың екен. Мамандардың сөзінше, соңғы кездері телефон кабиналарын ешкім пайдаланбайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сондықтан олар мүлдем жарамсыз болып қалған. Бұған ұялы телефондардың кеңінен тарауы себеп. Дегенмен кей тұрғындар мұндай дүңгіршектер жақсы жұмыс істейді дейді. Әсіресе шағын аудандарда олар керек, себебі мұнда ұялы телефон мұнараларын орнату тиімсіз және көп шығын келтіреді.