Грузияда барлық тауарлардың бағасы өсіп жатыр
Ол мейрамхана мен қонақ үй саласына да әсер еткен. Өткен желтоқсан айында инфляцияның жылдық мөлшері 10%-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мысалы, өткен жылы тамақтану орындарындағы баға 26%-ке көтерілген. Тауарлар мен қызметтердің өсуі Украиндағы қарулы қақтығыс, логистикалық тізбектердің бұзылуы, импорттың қымбаттауы және шығындардың артуына байланысты болып отыр. Бірақ кәсіпкерлер баға тұрақталар деген үмітпен әртүрлі шараларды қолға алып жатқан көрінеді.
Шота Бурджанадзе, Грузия рестораторлары қауымдастығының басшысы:
- Инфляция шарықтағандықтан азық-түліктің бағасы өсті. Біз тұтынушыларды жоғалтып алмау үшін оны ұстап тұруға күш салып жатырмыз. Биыл жағдай тұрақталады деген болжам бар.