Қазақстан Швейцарияға зергерлік бұйымдар экспортын арттыруы мүмкін
Сенаторлар бүгін осыны көздейтін «Қазақстан мен Швейцария арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара тану туралы» келісімді мақұлдады.
Құжат экспорттау кезіндегі әкімшілік жүктемені жеңілдетіп, зергерлік бұйымдарды қайта таңбалаудың қажеттілігін жояды. Былтыр еліміз Швейцарияға 3 млн доллар көлеміндегі зергерлік бұйымдарды сатты. Ал Швейцариядан Қазақстанға 22 млн доллардың, бағалы зергерлік бұйымдары әкелінді.
Арман Шaкқалиев, ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі:
- Енді келесі жылға бұл шарт бізге экспорт өсуіне мүмк береді. Біздің мақсатымыз – 5 млн долларға жеткізу. Біздің жақтан көмек болады, көрмелер ұйымдастырамыз. Экспорт акселерация деген бағдарламамыз бар сол арқылы біздің өндірушілерге көмек береміз.