Шет елдерде балағат сөз айтқандарға жаза қандай?
Біріккен Араб Әмірліктерінде біреуді балағаттағандар бас бостандығынын айырылуы мүмкін.
Сауд Арабиясында ондай әрекетке барғандарға дүре соғылады. Ал АҚШ-та айыппұл салынады. Бұл туралы рет-ретімен халықаралық шолушымыз айтып берсін.
АҚШ-та қоғамдық орындарда бағалат сөз айтқандар жауапқа тартылады. Қолданылатын жаза түрі әр штаттың ішкі ережесіне сәйкес әртүрлі. Мәселен, Виргинияда бұл жоғары деңгейлі заң бұзушылық саналады. Ол үшін айыппұл қарастырылған. Көлемі - 200 доллардан асады. Ал Вашингтонда аңдамай сөйлегендер 250 доллар айыппұл төлеуге міндетті. Мэриленд штатында бейәдеп сөз айтқандар тіптІ сот алдында жауап беруі мүмкін.
Австралия
Австралияда да боқауыз сөз үшін айыппұл қарастырылған. Оның көлемі 600 долларға дейін жетеді. Бұдан бөлек елде "өзгені қорлайтын қылық" секілді заң бұзушылық бар. Оған мәселен нәсілшілдік жатады. Мұндай әрекетке барғандар 3 айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
БАӘ
Парсы шығанағындағы елдерде балағат сөз айтқандар үшін жаза қатаң. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктерінде ер адам хабарламада бейәдеп сөздер жазғаны үшін 70 мың доллар айыппұл төлеген. Мұнда қоғамдық орында не интернетте біреуге тіл тигізіп, қоқан-лоқы көрсеткендердің 2 жылға дейін сотталуы да ғажап емес.
Сауд Арабиясы
Ал Сауд Арабиясында жүгенсіздерді бас бостандығынын айырумен қатар дүре соғу секілді жаза да қарастырылған.