ЕО-да ұшақ рейсіне қатысты өзгерістерге әуе компаниялары өтемақы төлеуі тиіс
Еуроодақ елдерінде рейстер тоқтаған, кешіккен немесе ауысқан жағдайда әуе компаниялары өтемақы төлеуге тиіс.
Монреаль конвенциясы мен Еуропалық заңнамаға сәйкес, оның ұшу қашықтығына қарай белгіленген құны бар. Мәселен, рейс ауа райына байланысты 2-4 сағатқа кешіксе, жолаушылар тегін ас пен су алуға құқылы. Егер ұшақ бір күнге кешіктірілсе, онда азаматтар қонақ үйде тегін тұра алады. Ал кешігу немесе тоқтау кезінде төленетін өтемақының нақты мөлшері ұшу қашықтығына және шегерілген уақытқа байланысты.