Днепр қаласын атқылаудан қаза тапқан адам саны артты
Украинаның Днепр қаласындағы көпқабатты тұрғын үйді зымыранмен атқылаудан қаза тапқандар саны артып, 29-ға жетті.
Тағы 73 адам жарақат алып, 39 тұрғын құтқарылды. Бірақ әлі 43 адам жоғалып, табылмай жатыр. Бұл туралы облыс губернаторы мәлімдеді. Оқиға орынында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 14 қаңтар Ресей әуе күштері Украина аумағын зымырандармен атқылап, бір бомба Днепрдегі 9 қабатты үйге түсті. Шабуылға дейін мұнда 1700-дей адам тұрып келген. Украинада үш күн қатарынан қаралы күн деп жарияланды.
Ирина Федорченко, куәгер:
- Жарылыс ұзаққа созылғандай болып көрінді. Баламыз екеуіміз 5 минут бойы орнымыздан қозғала алмай қалдық. Бұл жер неге нысанаға алынғанын түсінбедім. Мұнда бір де бір әскери нысан жоқ. Тек тұрғын үйлер бар.