Австрияда көптен күткен қар жауды

Австрияда көптен күткен қар жауды

Мұнда күн аномальды жылы болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ ұлпаның жоқтығынан тау-шаңғы шипажайларының иелері шығынға батқандарын айтып шағымданған еді. Енді, міне, елдің оңтүстігінде қалың қар түсті. Алайда жұрттың қуанышы су сепкендей басылды. Өйткені ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 мың адам жарықсыз қалды. Жол-көлік апаты да жиілеген. Хорватияда да қаңтардың алғашқы жартысы ерекше жылы болған еді. Бірақ енді мұнда да қар жауып, көлік қозғалысы қиындаған