Қазақстан елшісі Грузия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан елшісі Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге сенім грамоталарын тапсырды.
Кездесу барысында Мәлік Мырзалин Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан Грузиямен сауда-экономикалық және көлік-логистикалық өзара іс-қимылды жандандыруға зор мән беріп отырғанын айтты. Қазақстандық дипломат Грузия басшысын елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды. Ол өз кезегінде екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жан-жақты дамытуға мүдделі екенін білдірді.