Coursera басшысы Қазақстанмен серіктестік жайлы айтты

Давостағы дүниежүзілік экономикалық форумда Coursera білім беру платформасының басшысы Қазақстанмен серіктестік туралы сөз қозғады.

Джефф Маджонкальда панельдік сессияда оқытудың заманауи әдістері туралы айтып, Қазақстанмен серіктестікті мысал ретінде келтірген. Айта кеткен жөн, бұған дейін қол қойылған келісімге сәйкес отандық 25 университеттің 20 мың студенті үшін Coursera платформасындағы білім беру курстары қолжетімді болады. Алдағы 3 жылда платформаның материалдарын тегін пайдалану мүмкіндігіне 100 мың қазақстандық студент ие болуы тиіс. 

Джефф Маджонкальда, Coursera компаниясының бас атқарушы директоры:

- Осы аптада біз Қазақстан тарабымен серіктестік туралы жария еттік. Білім және ғылым министрлігі біздің кәсіби сертификаттарымызға оң бағасын беріп, мемлекеттік университеттердің көбінде оқу бағдарламасына біздің платформадағы материалдарды енгізіп жатыр.