Шаруалар Берлинде шеру өткізді
Берлинде шаруалар, жануарларды қорғаушылар және экобелсенділер наразылық шарасын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
10 мыңға жуық адам қолдарына түрлі үнпарақша ұстап, мемлекеттік органдар орналасқан аудандағы көшелермен жүріп өтті. Шаһарға елдің түкпір-түкпірінен келген фермерлер тракторлармен қаладағы жолдарды жауып, наразылық танытпақ болды. Шаруалар Үкіметтен жергілікті өнім өндірушілерді қолдап, биоөндірісті дамытуға ден қоюды талап етіп жатыр. Қазір Берлинде «Жасыл апта» деп аталатын ірі азық-түлік көрмесі өтіп жатыр.
- Мен елімізде су айдындары құрғап, ауыл шаруашылығында түрлі тыңғайтқыштар кеңінен қолданылып жатқанына қарсымын. Көп аймақта жабайы аң-құстардың қонысы тарылып барады. Сондықтан біз экологиялық таза шаруашылыққа көшуіміз керек деп ойлаймын.
- Біз жерді жөнсіз пайдалануды тоқтатуымыз керек. Осының кесірінен егістік алқаптары бүлініп, өзен-көлдер тартылып жатыр. Бұл адамдардың да денсаулығына көп зиян келтіреді. Біз жер шарындағы миллиардатаған тұрғынды тамақтандыру үшін ауыл шаруашылығына өзгерістер әкелуіміз қажет.